Психолог маманының уақытша бос лауазымдық орнына конкурс жарияланады » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психолог маманының уақытша бос лауазымдық орнына конкурс жарияланады
21
февраль
2023

Психолог маманының уақытша бос лауазымдық орнына конкурс жарияланады

Орналасқан жері: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылы, Безродных №32
Пошталық мекенжайы: 040225 
Телефон нөмірлері: жұмыс 87283326469,  ұялы 87015802266
Электрондық пошта: koktuma2011@mail.ru
Негізгі функционалдық міндеттері:

1. Мектепте білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасауға және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетеді:

2. Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету,өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастырады;

3. Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсетеді;

4. Білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал етеді;

5. Психологиялық диагностиканы жүргізеді және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытады;

6. Психологиялық қиыншылықтар  мен білім   алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асырады;

7. Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді;

8. Білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көрсетеді;

9. Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырады;

10. Психодиагностикалық бағыттар:

  1. білім алушыларды психологиялық диагностикалауды жүргізеді;
  2. білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексереді;
  3. білім алушылардың қабілеттігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалайды;
  4. психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.

11. Консультациялық бағыттар:

  1. Білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация береді;
  2. білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтарға жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізеді;
  3. күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетеді;



  1. тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастырады.

12Ағартушылық - профилактикалық бағыттар:

  1. білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал етеді;
  2. білім алушылар бейімсіздігінің психологиялық алдын алады;
  3. педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік-психологиялық қолдайды;
  4. әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал етеді;

               13. Тузету – дамытушылық бағыттар:

  1. жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізеді;
  2. білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, зияткерлік, эмоционалдыжігерілік, шығармашылық даму үйлесілімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастырады;
  3. жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзетеді.
  4. өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттырады;
  5. психологиялық қызметтің жұмысына берілген материалды-техникалық құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
    Еңбекке ақы төлеу мөлшері: қызмет өткерген жылдарына байланысты 130.000ден-180.800 теңгеге дейін
        Шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы: «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Көктұма қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,психология маманы
          Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі);
    Конкурсты өткізу орны: 
    Конкурс Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Безродных көшесі, №32 мекен-жайы бойынша өтеді. 
    Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады. 
    Конкурсқа қатысу үшін қажетті  құжаттар тізбесі:
          1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
          2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
          3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
          4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
          5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
          6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
          7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
          8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
          9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
          10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
          Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.