«Impress me if you can», «Удиви меня, если сможешь», «Мені таңғалдырып көр» » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Impress me if you can», «Удиви меня, если сможешь», «Мені таңғалдырып көр»
12
апрель
2022

«Impress me if you can», «Удиви меня, если сможешь», «Мені таңғалдырып көр»





Хаттама №1


31 қаңтар 2022 жыл


     Семинарға қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдері, аудандық білім беруді дамыту орталығының әдіскерлері: 86


Күн тәртібінде:


  1. «Мені таңғалдырып көр», «Impress me if you can», «Удиви меня, если сможешь» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің AIDA форматындағы аудандық семинары туралы


Тыңдалды:


«Қашықтан оқыту жағдайында  жас мамандар мен тәлімгерлердің бірлескен жұмысы» тақырыбында аудандық семинар қашықтан ZOMM платформасында ұйымдастырылды. Жас мамандар мен тәлімгерлерге арналған  семинарға аудан мектептерінен жас мамандар, тәлімгерлер,  аудандық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының әдіскері Б.Шортанбаева қатысты.


Семинардың мақсаты: 

  • қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруда қолдау көрсету, іс-тәжірибе алмасу.

Көктұма қазақ орта мектебінде 31 қаңтар 2022 жылы 

«Мені таңғалдырып көр», «Impress me if you can», «Удиви меня, если сможешь» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің AIDA форматындағы аудандық семинары өтті. 

Мектептің ағылшын тілі мұғалімдері К.Джумажанова, А.Мустапова, Ж.Дикамбаева, Ж.Айдарханованың сыныптан тыс сабақтары,  орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі К.Ильясова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Тлеубердиева, А.Рахимова, Қ.Чайкенова «»Оқуға құштар», Абайтану, қазақ тілі мен жаратылыстану пәндерінен кіріктірілген сабақ,  «Бала және театр» жобасы аясында М.Кошкимбаева, орыс тілі мұғалімдері Н.Салкиева, К.Абдыкаримовалардың 2-4 сынып оқушыларымен «Қызыл телпек» ертегісі көрсетілді. Пән мұғалімдері өздерінің ұстаздық тәжірибесін, тың идеяларын ұсынып, оқушылардың білімділігі, дарындылығы, шығармашылықтарымен семинарға келген қонақтарды таң қалдырды. 

Семинарға аудандық білімді дамыту оқу әдістемелік орталығының әдіскерлері, ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, барлығы 86 адам қатысты. 

Семинарға келген қонақтарды педагог-логопед Ә.Туешинова, дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.Көксугенов, педагог-дефектолог Ә.Кайсыкова тіркеді.