10 тамыз - Абай күні құтты болсын » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 10 тамыз - Абай күні құтты болсын
10
август
2022

10 тамыз - Абай күні құтты болсын

10 тамыз - Абай күні құтты болсын!
Құрметті әріптестер, ата-аналар мен оқушылар !
Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының бүгін, 10 тамыз туған күні.
Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы.
Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.
Осыған орай, мерейлі мейрамда Көктұма қазақ орта мектебінде 6-8 сынып оқушылар арасында "Абайды оқы таңырқа" тақырып аясында мәнерлеп оқу ұйымдастырылып өтілді.  
Мақсаты оқушыларға ақын шығармаларын жатқа оқыту арқылы ұлы ақынның поэзиясының өміршеңдігін насихаттау. Іс-шараға жеті оқушы және мектеп әкімшілігі қатысты. Ақынның өлеңдерін насихаттау барысында 5-10 сыныптар арасында челлендж ұйымдастырылды