«Мектебім – мейірім мекені!» » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мектебім – мейірім мекені!»
01
сентябрь
2023

«Мектебім – мейірім мекені!»

1-қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында  салтанатты жиын 
Алакөл аудандық білім бөлімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің хаты негізінде «Білім күні» іс-шарасы дәстүрлі форматта өтілді. Алаң мерекеге сай безендірілді.  Алғашқы қоңырауға арналған «Мектебім –мейірім мекені!» тақырыбындағы салтанатты жиын 1-11сынып оқушылары үшін  сағат 900 де ұйымдастырылды. Іс-шараға Облыстық білім басқармасының өкілі Аханов Дастан Жарылқасынұлы, Ырғайты ауылдық округінің әкімі Мұқабаев Дәуренбек Қадырбекұлы, ата-аналар кеңесінің төрайымы Ильясова Алия Бақытқызы, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ахметов Айтқазы Ахметұлы, ардагер ұстаздар  қатысты. Облыстық білім басқармасының өкілі Аханов Дастан Жарылқасынұлы жаңа оқу жылының басталуымен оқушыларды, ұстаздарды және мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндірді құттықтады. Келген қонақтарымыз бүлдіршіндердің тақпақ, әндерін тамашалап, алғашқы қоңырау соғылып,  жақсы тілектер айтылды.
1-11 сыныптарда 1 қыркүйек  Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені», «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»  тақырыптарында  сынып сағаттары әр сынып үшін жеке кабинеттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.