«Жаз - 2023» бағдарламасы » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаз - 2023» бағдарламасы
31
июль
2023

«Жаз - 2023» бағдарламасы

Сауықтыру лагерін жабдықтау дайындығы маусымның 1-не дейін қамтамасыз етілді. І кезекте жетім, ата-ана қамқорынсыз қалған балалар, аз қамтамасыз етілген, көп балалы толық емес отбасынан шыққан және тәрбиеленуі қиын балалардың демалысы мен сауықтырылуы ұйымдастырылды. Сауықтыру лагерінде өртте, суда, жол қауіпсіздігінде санитарлық-гигиеналық, тәрбие қауіпсіздік техникасында әр түрлі профилактикалық жарақаттану саласына қарсы өмір қауіпсіздігін сақтау қамтамасыз етілді.   Сауықтыру лагері 4 кезеңнен ұйымдастырылып 15 оқушыдан қамтылды. Сауықтыру лагері  4 кезеңде балалар тамақсыз қамтылды.  Мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің әр кезеңге жекелей жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Демалушы балаларға 2 бөлме дайындалды. Демалыс бөлмесі -1, оқу бөлмесі -1. Әр бөлме іштері  әр түрлі  керекті жабдықтармен, көрнекілік құралдары мен, ойыншықтармен, музыкалық   апараттарымен қамтылды.                                                                        Сауықтыру лагері келесі мамандармен қамтамасыз етілді

1.  Музыкант -  Кошкимбаева М

2.  Дене тәрбиесі мұғалімдері.

3.  Мед / бике – Шанкеева Қарлығаш

4. Психолог .

          Әр кезеңге  бастауыш сынып мұғалімдерінен 2 адамнан құралған тәрбиешілер бекітілді. Сонымен қатар «Жаз - 2023» бағдарламасы негізіндегі бұйрықтары бойынша іс-шара жоспары жасалынды.