Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Джумажанов Касымхан Калиевич » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Джумажанов Касымхан Калиевич
12
ноябрь
2020

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Джумажанов Касымхан Калиевич


Джумажанов Касымхан Калиевич 8-ші қазанда 1959 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы Тохты ауылында   дүниеге келдім. 

1977 жылы Алакөл ауданы Көктұма ауылындағы  Г.М.Безродных атындағы орта мектебін бітірдім.

1977-1979 жылдары Кеңес Армия қатарында әскери борышымды өтедім.

1980-1985 жылдары Алматы қаласындағы КазИФК институтының дене шынықтыру мамандығы бойынша ЖОО бітірдім.

1985 жылдан бастап Көктұма ауылындағы Г.М.Безродных атындағы орта мектебінде (қазіргі таңда Көқтұма қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесі) дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін.

Жалпы еңбек өтілім 36 жыл. Қазіргі уақытта жоғары санатты мұғаліммін.

Сертификаттар:

1. 6-7 сәуір 2017 жылы Дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен әдіскерлерге арналған «Жалпы орта білім беру аясын жаңартуда критериялдық негізінде білім беру мен бағалаудағы дене шынықтыру пәнін оқыту ерекшеліктері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік семинарға қатысып, дәріс алғаны үшін берілді.  

2. 2017 жыл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Дене шынықтыру» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады. 



Жетістіктерім:  

1. 2017 жыл Алматы облысының білім беру мекемелерінде жоғарғы біліктілігі мен шеберлігін еліміздің болашағы – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қосқан үлесі үшін Алматы облысының Білім Басқармасының мадақтама грамотасы берілді.

2. 2019 жыл Ұстаздар күні қарсаңында білім берудегі жеткен жетістіктерім үшін Алакөл аудандық білім бөлімінің грамотасымен марапатталдым.

3. 2020 жыл «Мамыр» айында өткізілген Республикалық «Дене шынықтыру пәнінің үздік ұстазы» блиц-турнирында І дәрежелі дипломмен марапатталдым.

4. 2020 жыл Білім жүйесіндегі шығармашылық істері, жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қызметі үшін «Ұстаздар мерекесі» қарсаңында мақтау қағазымен марапатталдым.