Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Торсукбаев Ержан Далелханович » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Торсукбаев Ержан Далелханович
12
ноябрь
2019

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Торсукбаев Ержан Далелханович

    


       Торсукбаев  Ержан  Далелханович 1974 жылы 17 мамыр күні Алматы облысы,  Алакөл ауданы  Көктұма  ауылында дүниеге келдім. 

1981-1991 жылдар арасында Алакөл ауданы, Көктұма ауылының Г.М. Безродных атындағы мектепті бітіріп, 1993-1995 жылдары арасында Талдықорған қаласындағы №3 жоғарғы кәсіптік училищесіне түсіп,                  «Сурет көркемдеу жұмыстарын орындаушы » мамандығын алып шықтым. 

1996-2007 жж. « Достық » бекетінде  сурет пәні мұғалімі болып жұмыс жасадым.

 1997-1998 жж. Көктұма ауылының ырғайты ауылдық округында « салық » комитетінде еңбек еттім. 

1998-2002 жылы Көктұма қазақ орта мектебінде « Ағаш шебері » болып жұмысқа орналастым. 

2002-2007 жж. І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінің « Еңбек және кәсіпкерлік технологиясы бойынша » оқуға түсіп, технология және кәсіпкерлік мамандығын алып шықтым. 

2002 жылы 1 қазан айынан бастап Көктұма қазақ орта мектебінде көркем еңбек , графика және жобалау пәндерінен сабақ беріп келемін. 

Жалпы еңбек өтілім 18 жыл. Қазіргі уақытта жоғары санатты мұғаліммін.              2020 жылы педагог-мадератор біліктілік санатына өттім.

Шығармашылық ізденіс нәтижесінде жеткен жетістіктерім:

1. 2019 жылы мектеп көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосқан үшін алғыс хатпен марапатталды  .

2. 2019 жылы Аудандық жастары арасында ұйымдастырылған «Балалар соғысқа қарсы» атты сурет байқауында мадақтама грамотамен марапатталды.

3. 2019 жылы Аудандық «ПАРКТЕР ШЕРУІ 2019» акциясы байқауында 1 орын алғаны үшін мақтау қағазымен марапатталды.

4. 2019 жылы Аудандық «ПАРКТЕР ШЕРУІ 2019» акциясына қосқан үлесі үшін АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.

5. 2019 жылы Аудандық кәсіби мереке кезінде мадақтама грамотамен марапатталды.

6. 2020 жылы Аудандық Білім жүйесіндегі шығармашылық істері, жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қызметі үшін мақтау қағазымен марапатталды.

7. 2020 жылы Алматы облыстық филиалы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерей тойына орай онлайн түрінде ұйымдастырылған «Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс!» атты сурет байқауында белсене қатысып АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

8. 2020 жылы Қ.Р Алматы қаласы «Жас технолог» атты республикалық шығармашылық сайысында үздік қолөнер бұйымдарынан 1 орын алғаны үшін дипломмен марапатталады.

9. 2020 жылы Алматы облысы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасындағы байқауды жоғары деңгейде ұйымдастыруға қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Сертификаттар:  

1.2018 ж қараша айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

Қ.Р орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Көркем еңбек» пәні бойынша педагок кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 24 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтадым.                                               

2. 2019 жылы USTAZ tilegi Республикалық ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаным үшін. Сабақтың тақырыбы: Жылы және суық түстер.                                                            

3. 2019 жылы USTAZ tilegi Республикалық ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаным үшін. Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу сөздігі.                                                           

4. 2019 жылы USTAZ tilegi Республикалық ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаным үшін. Көркем еңбек Сабақтың тақырыбы: Ағаш өңдеу.                                                           

Іс-тәжірибиесі жинақта: 

1. 2018 жылы Республикалық ғылыми – әдістемелік журналында «табиғи материалдармен жұмыс» тақырыбында жұмыстарым енді.

2. 2019 жылы Алматы облысы бойынша авторлық бағдарлама жиынтығы облыс көлемінде таратылды. 

3. 2020 жылы Алматы қаласы Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктіліктілігін арттыру курсынан өткен.

4. 2020 жылы NIS Nazarbayev Intellectual Schools Қашықтан оқытуды үйренемін  курстың ұзақтығы 40 сағат