«Қолданбалы курс, элективті курс, таңдау пәні, үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту» » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қолданбалы курс, элективті курс, таңдау пәні, үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту»
27
апрель
2019

«Қолданбалы курс, элективті курс, таңдау пәні, үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту»








 27 ақпан 2019 жыл «Қолданбалы курс, элективті курс, таңдау пәні, үйірме

жұмыстарында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту» тақырыбында

өткізілген аудандық семинары өтті. Семинарға қатысқан мұғалімдер саны:  42 

Семинардың мақсаты:


  • Вариативті компоненттегі сабақтарды жүргізуде қолданбалы курс, элективті курс, таңдау пәні, үйірме жетекшілерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, іс-тәжірибе алмасу

Күтілетін нәтиже:


  • Вариативті компоненттегі сабақтарды жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануда іс-тәжірибе алмасады


Көктұма ом, Сейфуллин ом, М.Төлебаев орта мектептерінің  қолданбалы курс, элективті курс, таңдау пәні, үйірме жетекшілері 1аб, 3, 5а, 6б, 7б, 8, 9, 10аб сынып оқушыларымен ықшам сабақтар өткізді. Жалпы мектеп, аудандық, облыстық, республикалық мәнерлеп оқу байқауларынан, спорттық жарыстардан алған мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері, мұғалімдердің  атқарған жұмыстары туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сатбаева М  таныстырылым-слаид көрсетілді.

Қолданбалы курс, элективті курс, таңдау пәні, үйірме жетекшілерінің әдістемелік жинақ құжаттары, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, жұмыс дәптерлері, сонымен қатар мектептің шығармашыл ұстаздарының жетістіктерінен, «Робототехника», «Шебер қолдар» үйірмесінен көрме ұйымдастырылды. Би, домбыра, мәнерлеп оқу үйірме жетекшілерінің концерттік бағдарламасы көрсетілді.

Семинарға қатысушы мұғалімдермен мектеп директоры А. Касымжанова  коучинг өткізіп, қатысушылардың өткізілген ықшам сабақтарға кері - байланысы тыңдалып, аудандық білімді дамыту оқу әдістемелік орталығының әдіскері Кабдуллаева К.С. семинарды қорытындылады.