Көктұма қазақ орта мектебінің директоры Қасымжанова Алмагүл » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Көктұма қазақ орта мектебінің директоры Қасымжанова Алмагүл
04
январь
2021

Көктұма қазақ орта мектебінің директоры Қасымжанова Алмагүл

    Қасымжанова Алмагүл 11-ші шілдеде1966 жылыАлматы облысы Алакөл ауданы Көктұма ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. 

    1973-1983 жылдар аралығында Көктұма ауылындағы  Г.М.Безродных атындағы орта мектепте оқып, мектепті «Үздік аттестатқа» бітірдім.

   1983-1988 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының  филология факультетінде оқып, институтты 

 «Үздік дипломға» бітірдім.

  1988-1993 жылдар аралығында Г.М.Безродных атындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым.

   1993-1996 жылдар аралығында Көктұма қазақ орта мектебінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары міндетін атқардым.

   1996-2003 жылдар аралығында Көктұма қазақ орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет еттім.

   2003 жылдан бастап  Көктұма қазақ орта мектебінің басшысымын, қосымша   орыс тілі мен әдебиеті пәнін жүргіземін, педагог- зерттеушімін.

    2016 жылы сырттай Жетісу мемлекеттік университетін бітіріп,  психолог- педагог мамандығын алдым.

  1999 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесімін.

 2018 жылы «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының облыстық кезеңіне қатысып, үшінші жүлделі орынға ие болдым.

Отбасылым, үш балам  бар.

 2016 жылдан бастап аудандық мәслихат депутатымын. 

2018 жылы «Мектепішілік бақылау – білім сапасын басқару » тақырыбында облыстық семинарда іс- тәжірибемді   тараттым.

2018 жылы  «Білім беру ұйымының үздік жоспары» облыстық сырттай   байқауға қатысып, 3-ші жүлделі орынды иелендім.

2019 жылы Жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік ауыл мектебі -2019» байқауына қатысып, 2-ші жүлделі орын алдым; 

2020 жылы «Табысты көшбасшы- 2020» байқауына қатысып, алғыс хатпен марапатталдым.

Білім арттыру курстарым: 2018 жыл Назарбаев зияткерлік мектептері «Интербелсенді әдістемені мектептегі сабақтарда қолдану» 

2020 ж  «Менеджмент в образовании» Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА; 

Наградалары : 2017жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлгі Құрмет грамотасы 

2018ж , 2019 ж Алматы облысының білім басқрмасының Алғыс хаты Алғыс хат

2018 жыл Білім және ғылым ызметкерлері кәсіптік одағы Құрмет грамотасы