Орыс тілі пәнінің мұғалімі Ибраева Алия Ильясовна » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Орыс тілі пәнінің мұғалімі Ибраева Алия Ильясовна
09
январь
2023

Орыс тілі пәнінің мұғалімі Ибраева Алия Ильясовна

Мен, Ибраева Алия Ильясовна 24 ақпан 1989 жылы қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Білімім жоғары. 

      1995 жылы Герасимовка орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 2004 жылы 9 сыныпты сол мектептен бітірдім, 2004 жылы 9 сыныптан кейін Алматы қаласында Алматы гуманитарлық колледжіне, ағылшын және араб тілі факультетіне оқуға түсіп, 2008 жылы №1 Алматы қазақ педагогикалық колледжінің «шет тілі» мамандығы бойынша бітірдім.

2011-2015 жылдары І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетті шетел тілі мамандығы бойынша оқып, жоғарғы білім алдым.

2008 жылы педагогтік қызметімді Алакөл ауданы Сапақ ауылында «Герасимовка орта мектебінде» ағылшын тілі пәні мұғалімі болып еңбек жолымды бастадым.

2009 жылдан Алакөл ауданы «Көктұма қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесін ағылшын тілі пәнінен сабақ беремін.

2013 жылдың қазан айында «Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында  «Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту (e-learning) жүйесінде оқытуды басқару» курсын бітіріп, сертификат алдым. Сол жылы мамыр айында өз мамандығым бойынша  «Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттырудағы әдіс-тәсілдер» курсын бітіріп сертификат алдым.

2014 жылы «Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ақпан айында «Дарынды балалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» курсын бітіріп сертификат алдым.

2015-2016 жылдары Қоғамдық инспектор жұмысын атқарып, «Жас инспектор» үйірмесін жүргіздім.

2016 жылы аудандық «Жас полицияның көмекшісі» сайысында ІІІ орын үшін Мадақтама қағазы.

2016 жылы қаңтар айында «Нәтижеге бағытталған білім беруде бастауыш сыныптарында оқытудың сапасын жетілдірудің жолдары» тақырыбында өткен аудандық семинарда 3 «А» сыныбымен “In the village (Ауылда)” тақырыбында өткізген сабағым жоғары деңгейде болды.

2016 жылы 26 шілдеде Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Ағылшын тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша Педагогикалық шеберлік орталығында оқыту курсын аяқтап сертификат пен куәлік алдым.  

2016-2017 жылдары мектепішілік Қыз балалармен жұмысын жүргіздім.

2020 жылы Білім және Инновациялық Технологиялар Орталығында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өттім.

 Мадақтамалары: 

Халықаралық: 

2015 жылы Халықаралық «infourok.ru» жобасы «Алғыс хат» Куәлік (1,2,3 орын) алғаны үшін 

       2016 жылы Халықаралық «infourok.kz» жобасы «Алғыс хат» Куәлік (1,2,3 орын) алғаны үшін

2016 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы  «Диплом»

2020 жылы UST.KZ Халықаралық зияткерлік олимпиадасында Ағылшын тілі пәнінен І дәрежелі диплом

Аудандық: 

2014 жылы «Үздік жас маман -2014» 

2016 жылы «Аудандық пәндер олимпиадасы» Қабдышева Гүлнұр І орын иеленіп, облысқа жолдама жеңіп алды.

2017 жылы Аудандық білім бөлімінің басшысынан Мадақтама алдым.

2020 жылы КІО Республикалық олимпиадасында аудан бойынша   ІІІ орын мадақтама, сертификат алдым.

2020 жылы «Аудандық пәндер олимпиадасы» Санатқызы Аделия 6 сынып оқушысы ІІ орын

Мектеп:

2014 жылы. Тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұрпағын тәрбиелеуде қосқан зор еңбегі   үшін

2016 жылы. 8-наурыз қарсаңында жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы еңбегі үшін

2016 жылы. 2015-2016 о.ж. қорытындысы бойынша «Үздік мультимедиалық кабинет» ІІІ орын алғаны үшін.

2009-2010 жылдары 3 оқушы х/а «Кенгуру» конкурсы;

2013-2014 жылдары «British Bulldog» конкурсы  9 сынып оқушысы Жұмабеков Дамир, 7 сынып оқушысы Қабдышева Гүлнұр - сертификат;

2014-2015 жылдары «Infourok» х/а қашықтықтан олимпиадасында І орын - 2 оқушы;

ІІІ орын – 1 оқушы;

2016 жылы І орын 4 оқушы; ІІ орын – 4 оқушы; ІІІ орын – 2 оқушы.

Облыстық

2017 жылы «Облыстық пәндер олимпиадасы» Қабдышева Гүлнұр 9 сынып оқушысы жүлделі ІІ орынды иеленді.

Баспа беттері:

2014 жылы х/а «infourok.ru» сайтында «Hello!» тақырыбында әдістемелік сабақ жоспары;

2016 жылы х/а «infourok.ru» сайтында «In the village» тақырыбында әдістемелік сабақ жоспары;

2016 жылы ustazdar-alemi.kz сайтында «Shopping» тақырыбында сабақ жоспары.