Ағылшын тілі пәні мұғалімі Джумажанова Кама Боранкуловна » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ағылшын тілі пәні мұғалімі Джумажанова Кама Боранкуловна
25
декабрь
2020

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Джумажанова Кама Боранкуловна

 


  Джумажанова Кама Боранкуловна 25-ші маусымда 1962 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келдім. 

1979 жылы Мойынқұм ауданы, Көктерек ауылындағы С.М.Киров атындағы орта мектебін  бітірдім.

1979-1984 жылдары Алматы қаласындағы АПИИЯ институтының «Француз, неміс тілі» мамандығы бойынша ЖОО бітірдім.

2005 жылы сырттай І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінің ағылшын тілі пәні мамандығы бойынша бітірдім.

1984 жылдан бастап Көктұма ауылындағы Г.М.Безродных атындағы орта мектебінде (қазіргі таңда Көқтұма қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесі) ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін.

1987-1992 жылдары Г.М.Безродных атындағы орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет еттім.

Жалпы еңбек өтілім 37 жыл. Қазіргі уақытта І-санатты мұғаліммін.

Сертификаттар:

1. 2020 жылы 13 маусым «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктілігін арттыру курсын өткені үшін берілді.  

2. 2020 жылы 4  тамыз «Способы организации дистанционного обучения» курсын аяқтады. 


Жетістіктерім:

1. 2019 жылы Аудандық пәндер олимпиадасында ағылшын тілі пәнінен 9-сынып оқушысы Жағыпар Дарын ІІ орынға ие болды.

2. 2020 жыл Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің алғыс хатымен марапатталдым.

3. 2020 жылы Қазақстандық-Ресейлік «Филолог» қауымдастығы және «Алые Паруса» Халықаралық балалар орталығы бірлескен жобасының IV Халықаралық қашықтық олимпиадасында ағылшын тілі пәнінен І орынға ие болдым.

4. 2020 жылы Қазақстандық-Ресейлік «Филолог» қауымдастығы және «Алые Паруса» Халықаралық балалар орталығы бірлескен жобасының IV Халықаралық қашықтық олимпиадасында ағылшын тілі пәннен жеңімпаздар дайындағаны үшін Дипломмен марапатталдым.

5. 2020 жылы «USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы « Мамыр» айында өткізілген Республикалық «Ағылшын тілі» Блиц-турнирінде-І орын жеңімпазы.

6. 2020 жылы «USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы «Мамыр» айында өткізілген Республикалық «Ағылшын тілі» Блиц-турниріне жеңімпаздарды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталдым.

7. 2020 жылы «Мамыр» айында өткізілген Республикалық «Үш тілді білім беру» Блиц-турнирінде –ІІ орын жеңімпазы.

8. 2020 жылы Республикалық ағылшын тілі пәнінен ұстаздар арасында өткен олимпиадада-ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым.

9. 2020 жылы қыркүйек айында «Жарқын болашақ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына сабақ жоспарым жарияланды.

10. 2020 жыл қыркүйек айында www.ubtest.kz сайты Ұстаздар арасында ұйымдастырған «Үздік педагог» республикалық онлайн олимпиадасына қатысып жоғары нәтиже көрсеткені үшін І-дәрежелі дипломмен марапатталдым.

11. 2020 жылы қазан айында Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп ұйымдастырылған Республикалық пәндік олимпиадасында ағылшын тілі пәні бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым.

12. 2020 жылы қазан айында «USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында оқу әдістемелік материал жариялағаны үшін алғыс хатпен марапатталдым.

13. 2020 жылы қазан айында Ағылшын тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасы-КИО-І дәрежелі дипломмен марапатталдым.

14. 2020 жылы қараша айында Білім беру саласының дамуына қосқан қомақты үлесі мен «Uztaz tilegi» құрмет грамотасымен марапатталдым.

15. 2020 жылы желтоқсанда ҚР Тұнғыш Президент қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайтында Ағылшын тілі пәнінен өткізілген оқушылардың Республикалық қашықтық олимпиадасына  10а сынып оқушысы Абеу Шұғыла ІІ дәрежелі дипломға ие болды.