Біз туралы » Страница 3 » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
7-мамыр
05
май
2023
7-мамыр
7мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Осындай ерекше күні сіздерге бейбіт өмір, баянды бақыт, татулық пен береке-бірлік тілейміз.
Адал ұрпақ
04
май
2023
Адал ұрпақ
4-мамыр күні “Адал ұрпақ” клуб мүшелерімен “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында дөңгелек үстел өтілді.
Еркін ел ұрпағы
04
май
2023
Еркін ел ұрпағы
Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында Көктұма қазақ орта мектебінің ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен “Еркін ел ұрпағы” атты жалпыұлттық патриоттық диктанты 4 мамырда өтілді. ”Еркін ел ұрпағы” атты жалпыұлттық патриоттық диктантқа 46 мұғалім және 5-11 сынып арасынан 200 оқушы қатысты.
Құдайберген Қорабаев сыныбы ашылды
24
апрель
2023
Құдайберген Қорабаев сыныбы ашылды
Мектебімізде "Айдынды Алакөлдің ақиық ақыны" Құдайберген Әбдіқанұлы Қорабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің ашылу іс-шарасы өтті.Салтанатты іс-шара Көктұма ауылының тумасы, елге танымал арда ақын , Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, жерлесіміз Құдайберген Қорабаевқа арналды.Жаңа оқу кабинеті Құдайберген Әбдіқанұлы Қорабаевтың қарындасы Майра Әбдіқанқызы және оның туған-туыстары мен бала-шағасының қолдау-көмегі нәтижесінде жабдықталып, ашылды.Алакөл
Аудандық пән олимпиадасы
21
апрель
2023
Аудандық пән олимпиадасы
Аудандық пән мұғалімдері арасында өткізілген пән олимпиадасында тарих пәні мұғалімі О.Зейнелғабдылов І-орын, математика пәні мұғалімі Ж.Басбакова ІІІ-орынды иеленді.Еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!
Облыстық ұлттық мектеп лига жарысы
07
апрель
2023
Облыстық ұлттық мектеп лига жарысы
Тоғызқұмалақтан 5-6 сынып оқушылары арасындағы облыстық жарысында жүлделі команда дайындағаны үшін Джакаев Амангелді марапатталды.
"Шеберлік зертханасы" жобасы
06
апрель
2023
"Шеберлік зертханасы" жобасы
6 сәуір күні Көктұма қазақ орта мектебінде "Шеберлік зертханасы" жобасы аясында  облыстық, республикалық байқаудың жеңімпазы, тарих пәні мұғалімі Зейнелғабдылов Олжас Ерланұлы,  математика пәні мұғалімі, жас маман Қаирбергенова Анель Алтайқызы, информатика пәні мұғалімі, жас маман Көкежанов Әлібек,  тарих пәні мұғалімі, жас маман  Мадиярова Мадина Оразбекқызы  "Сабақтағы тиімді әдіс- тәсілдері" тақырыбында шебер сынып өткізіп, іс- тәжірибелерімен бөлісті.
"Илияс Жансүгіров  оқуларының"
16
март
2023
"Илияс Жансүгіров оқуларының"
16 қазан күні  Республикалық "Илияс Жансүгіров  оқуларының" аудандық кезеңіне 8а сынып оқушысы Қадыр Кәусар  қатысып, "Илияс- сөз шебері" номинациясы бойынша 3 орын, 9 сынып оқушысы Құрманғалиева Амина  "Ұлы тұлғаға арнау" номинациясы бойынша 1 орын иеленді.
Наурыз мейрамы
14
март
2023
Наурыз мейрамы
14наурыз Көрісу күні құтты болсын!!! Мектепшілік ата-аналар кеңесінің ұйымдастыруымен көрісу салт дәстүрі ұйымдастырылды.  Қыстан аман есен шығып, тағы да бір жылды артқа тастап қауышқан мектеп ұстаздары және оқушылармен көрісіп Наурыз мейрамының бастауы Көрісу мерекесі аталып өтілді.
"Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым"
10
март
2023
"Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым"
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған "Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым" тақырыбындағы мерекелік іс-шаралар жоспарына сай 8-10сынып қыздары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.  Жүлделі I-орынды 9А сыныбы,   II-орын 10 Б сыныбы, III-орын 10А сыныбы иеленді.