Біз туралы » Страница 5 » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
”Құстар біздің досымыз”
03
февраль
2023
”Құстар біздің досымыз”
“Мектеп Парламенті”өзін-өзі басқару ұйымының Экология және еңбек фракциясының мүшелерінің ұйымдастыруымен”Құстар біздің досымыз” тақырыбында акция ұйымдастырылды. Құстардың адам өміріндегі пайдасы және тіршіліктегі ерекше орны мен маңыздылығы туралы оқушыларға мәліметтер бере отырып, қыстың суық күндері құстарға қамқоршылық жасауға шақырылды.  🦉🐦🦅 🔵Оқушылар құстарға қоректік заттар әкеліп, жемсауыттар мен жылы ұялар жасап акцияға белсенді қатысты. 🦉🐦🦅
"Жылдам оқу техникасын дамыту"
31
январь
2023
"Жылдам оқу техникасын дамыту"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 4 сынып оқуылары арасында  "Жылдам оқу техникасын дамыту” сабағы ұйымдастырылған.   Оқушылар вербалды интеллекті дамыту жаттығуларын, логикалық, арифметикалық және қол жаттығуларын орындау арқылы  жылдам оқуға, оқығанын  түсіну  және мазмұнын айта білуге үйренеді. Оқушылар өзара кітап оқып, мазмұнын айтып жарысады.
“Оқуға құштар мектеп”
25
январь
2023
“Оқуға құштар мектеп”
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өзін-өзібасқару ұйымы А.Кендірбекұлының “Атамекен Алакөл” энциклопедиялық анықтамалық кітабымен таныстыру мақсатында  “Асылдың сынығы” тақырыбында танымдық кеш ұйымдастырылды. Автор А.Кендірбекұлының өмірбаяны мен еңбек жолы таныстырыла отырып, “Атамекен Алакөл” энциклопедиялық анықтамалық кітабында Алакөл аймағының тарихы, белгілі қайраткерлері мен танымал тұлғаларының өнегелі өмір деректері және жер-су өсімдіктерімен аңдар әлемі туралы көптеген мәліметтер
Аудандық Мағжан Жұмабаев оқулары
23
январь
2023
Аудандық Мағжан Жұмабаев оқулары
Қаңтар айының 23 күні Үшарал қаласында аудандық Мағжан оқулары өтілді.  Мектептің 9-сынып оқушылары Айбекқызы Амина және Айтмухамет Алина дипломмен марапатталды. Айтмухамет Алина облыстық кезеңге өтті.
Ата-әулеттің тірегі. Әже-ұрпақтың жүрегі
18
январь
2023
Ата-әулеттің тірегі. Әже-ұрпақтың жүрегі
Қазіргі қоғамда жан-жақты қабылдауы ашық кезде, белсенді жастарымыздың бойына дұрыс тәлім-тәрбие беру, ұлттық қадыр қасиеттерді, имандылықты, үлкенді сыйлау, құрметтеу керектігін түсіндіру мақсатында 18.01.2023ж мектебімізде "Ата - әулеттің тірегі, әже - ұрпақтың жүрегі" тақырыбында кеш өтті.
Бастауыш сынып мұғалімі Жұлдыз Ұзаққызы
09
январь
2023
Бастауыш сынып мұғалімі Жұлдыз Ұзаққызы
  Акжолова Жулдыз Узаковна    03-ші мамырда   1981 жылы Алматы облысы, Көксу   ауданы, Қызыларық ауылында дүниеге келдім.  Ұлтым қазақ.     1987 – 1998 жылдар аралығында Қызыларық ауылындағы  Мұсабек атындағы орта мектепте оқыдым.                                                                                    1998 – 2002 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы  І.Жангүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Бастауыш   оқыту  педагогикасы және әдістемесі» мамандығын   бітірдім. 
Кайсыкова Асель Бақытқызы
09
январь
2023
Кайсыкова Асель Бақытқызы
     Кайсыкова Асель Бақытқызы 1986ж 19 шы шілде де Алматы облысы Алакөл ауданы Көктұма ауылында дүниеге келдім. 1993 - 2004 жылдар аралығында   Безродных атындағы орта мектепті бітірдім. 2014 - 2018 жылдар арасында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің сырттай бөлімін оқыдым. 2018 - 2019жылдан бастап Көктұма қазақ орта мектебінде дефектолог маманы болып жұмыс істеймін.     Жетістіктер:     Kemenger  ustaz. kz» республикалық ғылыми – әдістемелік журналына жарияланды .
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
09
январь
2023
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тлеубердиева Гүлнәр Тлеубердіқызы 27-ші маусымда 1971 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Көктұма ауылында  дүниеге келдім.Ұлтым қазақ. 1978-1988жылдар аралығында Көктұма ауылындағы Г.М.Безродных атындағы орта мектепте оқып бітірдім.1990-1995 жылдары Абай атындағы Қазақтың  педагогикалық университетінің тарих факультетінде оқыдым.1995-1999 жылы  Жетісу Мемлекеттік Университетінің филология факультетінде оқып бітірдім .  1993жылдан бастап аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Ибраева Алия Ильясовна
09
январь
2023
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Ибраева Алия Ильясовна
Мен, Ибраева Алия Ильясовна 24 ақпан 1989 жылы қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Білімім жоғары.        1995 жылы Герасимовка орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 2004 жылы 9 сыныпты сол мектептен бітірдім, 2004 жылы 9 сыныптан кейін Алматы қаласында Алматы гуманитарлық колледжіне, ағылшын және араб тілі факультетіне оқуға түсіп, 2008 жылы №1 Алматы қазақ педагогикалық колледжінің «шет тілі» мамандығы бойынша бітірдім. 2011-2015 жылдары