Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мырзабаева Айман Багдатқызы » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мырзабаева Айман Багдатқызы
16
декабрь
2020

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мырзабаева Айман Багдатқызы


Мырзабаева Айман Багдатқызы 1980 жылы 28 маусым айында Талдыкурган облысы, Андреевка ауданы,Жыланды ауылында дүниеге келдім.1986- 1996 жылдар аралығында Акши ауылында орта мектепті бітіріп, 1998-2003 жылдар арасында Талдықорған қаласы,І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғары білім алып шықтым. 1998-2000 жж. Жыланды ауылында Жыланды атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасадым. 2000-2004 жж. Ақши ауылында С.Сейфуллин атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бердім. 2007 жылдан бері Алматы облысы,Алакөл ауданы, Көктұма ауылында Көктұма қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келемін. Жалпы еңбек өтілім 21 жыл.Қазіргі уақытты  І санатты мұғаліммін. 

Шығармашылық ізденіс нәтижесінде жеткен жетістіктерім:

  • 2018-2019 жж.Аудан көлемінде өткен "Үздік сынып жетекшісі-2018" байқауында ІІІ орынды иелендім.
  • 2018 жыл Қазақстан Республикасы Алматы қаласы "Білім Бойтұмары"Республикалық Ғылыми- Әдістемелік журналы."Қобыландының Көбіктіні жеңуі" атты жарияланымы үшін марапатталдым.


Сертификаттар:

1.2014 ж.Алматы қаласы "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы "Білім берудің жаңа парадигмасын жүзеге асырудағы мұғалімнің рөлі" атты курсын аяқтадым.

 2. 2017 ж.Талдықорған қаласы ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде "Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті" пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтадым.

3.2019-2020 жж.онлайн форматтағы  "Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кәсіби құзыреттілігін дамыту" курсын аяқтадым.