Тарих пәнінің мұалімі Зейнелгабдылов Олжас Ерланович » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тарих пәнінің мұалімі Зейнелгабдылов Олжас Ерланович
14
декабрь
2020

Тарих пәнінің мұалімі Зейнелгабдылов Олжас Ерланович


Зейнелгабдылов Олжас Ерланович 14.12.1995 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Көктұма ауылында дүниеге келген. 2002-2013 жылдары Көктұма қазақ орта мектебінде білім алды. 2013-2017  жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. 2014-2015 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы әскери кафедраны, лейтенант шенімен аяқтады. 2017-2018 жылдары І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтап, білім магистрі атанды. 2019 жылы 1-ші қыркүйекте Көктұма қазақ орта мектебіне тарих пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 

01.10.-03.10.2019 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құру ерекшеліктері» тақырыбында 24 академиялық сағат көлемінде оқыту семинарын аяқтады. 

2019 жылдың қазан айында жас мамандардың АТК (Алғырлар мен тапқырлар клубы) аудандық байқауында «Жас қанат» тобы құрамында 2 орын иеленді. 

11.10.2019 жылы Облыстық жас мамандар Слетінде «Эрудит» сайысында 3 орын иеленді. 

2019 жылдың желтоқсан айында Олжас Ерланұлының жетекшілігімен 11 сынып оқушысы Тасқын Айман аудандық пән олимпиадасында Қазақстан тарихы пәнінен 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

2020 жылдың сәуір айында «Заманауи сабақ - педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбындағы аудандық үздік сабақтар фестивалінде қоғамдық-гуманитарлық пәндер бағыты бойынша 2 орын иеленді.

2020 жылдың маусым айында Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы ұйымдастыруымен Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктіліктілігін арттыру курсынан өтті.

27.07.2020 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Қашықтан оқытуды үйренемін» 40 сағаттық курсын аяқтады.

2020 жылдың тамыз айында ҚР ҰКП ұйымдастырған ҚР білім беру ұйымдарының «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша педагог кадрларды қайта даярлау курсының білім беру бағдарламасы бойынша 108 академиялық сағат көлемінде педагогтердің біліктілігін арттыру курсын аяқтады.

29.09.-29.09.2020 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтады.

2021 жылдың ақпан айында Олжас Ерланұлының жетекшілігімен Аудандық «Білімдіге дүние жарық» тақырыбындағы дебаттық турнирінде «Алаш» Дебат клубы 3 орын иеленді. «Алаш» Дебат клубының мүшесі Әбдіқадыр Аржан Аудандық «Білімдіге дүние жарық» тақырыбындағы дебаттық турнирінде «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды. Аудандық «Білімдіге дүние жарық» тақырыбындағы «Фандебат» дебаттық турнирінде Үздік топ номинациясымен Алдаспан тобы марапатталды.

30.04.2021 жылы «Қашықтан оқыту жағдайында жас мамандар мен тәлімгерлердің бірлескен жұмысы» тақырыбындағы аудандық семинарда «Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылық өмірі» сабағы арқылы іс-тәжірибе таратты.

24.08.2021 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті.

11.10.2021 жылы Облыстық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» облыстық педагогикалық олимпиадасында 2 орын иеленді.

28.10.2021 жылы «Жас ұрпақты тәрбиелеудегі рухани құндылықтардың алатын рөлі» тақырыбындағы аудандық семинарда «Латын қарпіне көшу-рухани жаңғыруға апарар жол ма?» атты пікірсайыс ойыны арқылы іс-тәжірибесімен бөлісті.

2.11. - 4.11.2021 жылы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының 2 орын жүлдегері атанды.

2021 жылдың желтоқсан айында Олжас Ерланұлының жетекшілігімен аудандық 5-6 сыныптар арасындағы пән олимпиадасында Қазақстан тарихы пәнінен 6 сынып оқушысы Ахмежан Нұрай 2 орын иеленді.

2021 жылы желтоқсан айында облыстық білім басқармасы тарапынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

2022 жылы қаңтар айында Олжас Ерланұлының жетекшілігімен Аудандық пән олимпиадасында Қазақстан тарихы пәнінен 11 сынып оқушысы Абеу Шұғыла 2 орын иеленді.

09.04.2022 жылы Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты аудан әкімінің ауыспалы кубогі үшін өткізілген пікір-сайыс турнирінде «Үздік төреші» номинациясымен марапатталды.

18.05.-19.05.2022 жылы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен 5-9 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасында 18 оқушысы түрлі жүлделі орындарға ие болды.

23.08.2022 жылы Алакөл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен Тамыз конференциясындағы «Үздіктер шеруінде» таныстырылым жасады.

23.09.2022 жылы Петропавл қаласында өткен «Жаңа Қазақстан: жас педагогтердің рөлі» І Халықаралық жас педагогтер форумына қатысып, «Ахмет Байтұрсынұлы идеяларының жас педагог өмірінде көрініс табуы» атты мақаласы ғылыми-практикалық мақалалар жинағында жарияланды.