Ермексазбен құрастырмалармен жүргізілген жұмыстар, оқушылармен әртүрлі ойындар арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту жұмысы » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ермексазбен құрастырмалармен жүргізілген жұмыстар, оқушылармен әртүрлі ойындар арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту жұмысы
18
ноябрь
2020

Ермексазбен құрастырмалармен жүргізілген жұмыстар, оқушылармен әртүрлі ойындар арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту жұмысы



Көктұма қазақ орта мектебінде арнайы оқытуды қажет ететін балаларға алдын ала көмегін көрсету, мектепте білім беру, әлеуметтік көмек көрсету мақсатында  педагог -дефектолог қызметі ұсынылады. Арнайы педагог-дефектологтың кәсіптік  қызметтің мазмұны: мүмкіндігі шектеулі балаларға  әр түрлі түзету –педагогикалық  көмекті ұйымдастыру, дамуында  пайда болған ауытқулардың түрлерін ерте анықтау. Қоғамның даму деңгейіне сәйкес, қазіргі кезеңде    әр баланың жанын түсіну қажет. Ерекше білімді қажет ететін балаларға оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әр түрлі іс-шаралар  ұйымдастырылады.     Балаларға күнделікті қызмет көрсету барысында  олардың күнделікті өмірде өзіне-өзі қызмет етуі, әлеуметтік бейімделуі, қарапайым және күрделі дағдыларды игеруіне  ықпал ету  жұмыстың ең негізгі міндеті болып табылады. .


Мектеп дефектологы Кайсыкова Асель Бақытқызы.

Дефектология қызметінің мақсаты:

1. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға уақытылы көмек көрсету.

2.Оқушылардың  дүниетанымдық  деңгейін байыту, қоршаған орта құбылыстарымен  заттар  туралы  түсініктерін  қалыптастыру.

3.Көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдану жағдайында ата – аналармен байланыста болу.

\