Математика пәнінің мұғалімі Самарханова Гульнара Усенбайқызы » « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көктұма қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-65-13
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Математика пәнінің мұғалімі Самарханова Гульнара Усенбайқызы
14
апрель
2022

Математика пәнінің мұғалімі Самарханова Гульнара Усенбайқызы

Самарханова Гульнара Усенбаевна  28 – ші қаңтар 1966 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Жайпақ ауылында дүниеге келген.

1973 – 1983 жылдар аралығында Көктұма ауылындағы Г.М.Безродных атындағы орта мектепте оқыған.                                                                      

1983-1988  жылдар аралығында Талдыкорган қаласындағы   І.Жансугіров атындағы педагогикалық институтының физика- математика факультетінің математика және физика мамандығын бітірген.                                                                  

1988 жылдан бастап   Көктұма қазақ орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді, жоғарғы санатты мүғалім.         

  ҚР Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде “Математика пәні бойынша педогог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы” бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтаған.  

2020 ж  Алматы облысы Алакөл ауданы “Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші” тақырыбындағы аудандық үздік сабақтар фестивалінде жаратылыстану математикалық бағыт бойынша III дәрежелі диплом иеленген.

2020 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Мұғалімдер арасындағы аудандық пән олимпиадасында I орын   алған.                                                            

30.09.2021 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігі Алматы облыстық білім басқармасы “Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық амалдары негізінде сабақты тиімді жоспарлауды ұйымдастыру” тақырыбында сертификат алған

30.08.2021 жылы педагогтердің цифрлық дамыту тақырыбында cертификат алды.

2020 жылы Алматы облысының Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып рухани тәлім – тәрбие берудегі   қажырлы еңбегі үшін Құрмет грамотасымен   марапатталды.

Председатель Правления Ректор КазНПУ имени Абая сертификат «Актуальные проблемы обучения математике и физике в школе и вузе в условиях обновленного содержания образования» 25-26.11.2021 ж      

Сертификат Самарханова Гульнара Усенбаевна 

Қазақстан Республикасының педагогтерінің біліктілігін арттырудың «Мектептегі математика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары»    (педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту:функционалдық сауаттылықты қалыптастыру; сабақта инклюзивті білім беру ортасын құру,оқушылардың оқу   жетістіктерін бағалау бойынша)      білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтады.21.07.2022 ж

Отбасын құрған, отбасында 4 қыз бала, 1 ұл бала бар. Жолдасы ауыл тұрғыны Мағзанов Абылқасым.